Әлем чемпионаты: Бес қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

Әлем чемпионаты: Бес қазақстандық боксшы ширек финалға шықты

Әлем чемпионаты: Бес қазақстандық боксшы ширек финалға шықты
ашық дереккөзі
Сербияда өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында ел құрамасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Махмуд Сабыржан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (67 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) ширек финалда жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Ал қазақстандық боксшы Нұрлан Оралбай, Санатали Төлтаев пен Асланбек Шымбергенов қарсыластарына жол берді. Өз жекпе-жектерінде Нұрбек Оралбай (80 келі), Санатали Төлтаев (63,5 келі) Асланбек Шымбергенов (71 келі) қарсыластарымен жақсы жұдырықтасты. Десе де төрешілер олардың жеңілгенін көрсетті. Олардан басқа Саматәли Төлтаев (60 келі) пен Нұрқанат Райыс (75 келі) жартылай финалдан тыс қалды. Жарыстың бұған дейінгі сатыларында Бек Нұрмағамбет (86 келі), Айбек Оралбай (92 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келіден жоғары) қарсыластарына жол берді. Осылайша бес қазақстандық жартылай финалға шықса, сегізі жарыс жолынан шығып қалды.