Nur Otan

Nur Otan партиясының мүшесі қызметке тағайындалды

Айсұлу Ерниязова Халықаралық білім беру корпорациясының әлеуметтік даму жөніндегі директоры қызметіне тағайындалды.

Айсұлу Ерниязова – Президент жанындағы жастар саясаты кеңесінің мүшесі, Nur Otan партиясы Республикалық cаяси кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің экс-мүшесі.

Жаңа директордың әлеуметтік және білім беру салаларында үлкен тәжірибесі бар.

Айсұлу Ерниязова бұған дейін «Қазақстан еріктілері лигасының» төрағасы, «G-39″ студенттік өзін-өзі басқару көшбасшылары бірлестігінің төрағасы болды.

Айсұлу Ерниязова «Шапағат» мемлекеттік наградасы, «Алтын барыс» төсбелгісімен марапатталған. «Үздік ерік» номинациясының жеңімпазы, «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты және т. б.

2020 жылы ҚР үкіметтік комиссиясының шешімімен пандемиямен күреске қосқан ерекше үлесі үшін «Халық алғысы» мемлекеттік наградасына ие болды.

Back to top button