Аймақ

Шілдеде хабарсыз кеткен Қарағанды облысы тұрғынының денесі табылды

Шілдеде іс-түссіз кеткен Теміртау тұрғынының денесі табылды, – деп хабарлайды «Новый Вестник».

Анасы 37 жастағы ұлының жоғалып кеткенін полицияға хабарлаған. Оның айтуынша, ұлы үйден кетіп, содан бері байланысқа шықпаған.

Оның мәйіті үш айғат созылған іздеу жұмыстарынан кейін қала сыртындағы даладан табылды. Полиция денеде зорлық-зомбылық белгілері бар-жоғын анықтаған жоқ. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

«Далада ер адамның денесі табылды. Өлім себебін анықтайтын сараптама тағайындалды», – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Back to top button