Аймақ

Алматыда Нұртас Оңдасыновтың ескерткіш-бюсті ашылды

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-лингвист Нұртас Оңдасыновтың ескерткіш-бюсті ашылды

Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

Бюст Медеу ауданында, Шевченко мен Қонаев көшелерінің қиылысына қойылды. Ескерткіш-бюстің ашылу рәсіміне Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

«Біз бүгін аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың құрметіне орнатылған ескерткіш-бюсттың салтанатты ашылу рәсімінде бас қосып отырмыз. Еліміздің тарихында өшпестей із қалдырған ол көптеген игілікті істердің басы-қасында болып, сонау қиын заманда ұлт мүддесі үшін батыл қадамдарға бара алған ұлы тұлға. Қандай жоғары лауазымды қызметте жүрсе де ол ел тәуелсіздігін, халықтың өз байлығын өзі игеру ісін, ұмытылуға айналған ана тіліміз бен салт-дәстүрімізді қайта тірілту мәселелерін бәрінен де жоғары қойды. Ұлы Отан соғысы мен онан кейінгі ең ауыр жылдарда Қазақстан Үкіметін басқарды. Республикамыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына, мәдениеті мен өнерінің, ғылымы мен білімінің өркендеуіне барынша күш салды.Нұртас Оңдасыновтың өнегелі өмірі мен халқына жасаған қалтқысыз қызметін насихаттау, жас ұрпақтың санасына сіңіру – біздің абыройлы міндетіміз», – деді қала әкімі құттықтау сөзінде.

 

Back to top button