Жаңалықтар

Қарағандыда 29 жастағы ер адам кәсіпорын директорына оқ атты

Қарағанды қаласында ер адам тапаншамен ЖШС директорына оқ атты, – деп хабарлады Polisia.kz.

Қарағанды қаласы полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне сауда кәсіпорындарының бірінде жанжал шығып, қару қолданылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы шықты.

Онда ЖШС-нің бірінің 30 жастағы директоры бір кісімен арада жанжал шыққанын айтты. Ерегіс барысында ер азамат «Оса» травматикалық тапаншасынан оқ атты. Оқ жарақатын алған жәбірленуші медициналық көмекке жүгінді, бірақ ауруханаға жатқан жоқ.

Полицейлер 29 жастағы ер адамды ізін суытпай ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Травматикалық тапанша алынды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабымен («Қаруды заңсыз сақтау немесе ұстау») қылмыстық іс қозғалған. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Back to top button