12 күн бойы іздеуде болған әйел астанадан табылды

12 күн бойы іздеуде болған әйел астанадан табылды

12 күн бойы іздеуде болған әйел астанадан табылды
ашық дереккөзі
Ақмола облысында он екі күн бойы іздеуде болған Қосшы тұрғыны, 38 жастағы әйел Нұр-Сұлтан қаласынан табылды, – деп хабарлайды облыстық Полиция департаменті. «Биыл 31 қазан сағат 15:05 шамасында Целиноград аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері осыдан 12 күн бұрын жоғалған Қосшы қаласының 1991 жылғы тұрғыны Сандуғаш Таубайқызы Бекішованы Нұр-Сұлтан қаласының жеке секторында орналасқан үйлердің бірінен тапты, онда ол от жағушы болып жұмыс істеген», - деді ведомстводан. Еске сала кетсек, 2021 жылдың 20 қазанында Целиноград ауданының полиция бөліміне Қосшы қаласының 38 жастағы тұрғыны өтінішпен жүгініп, әйелін іздеп табуға көмек сұраған. Ер адамның өзінше, 19-шы қазанда әйелі үйінен белгісіз бағытта кетіп қалған. «Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу шараларына Ақмола облыстық Полиция департаментінің және аумақтық бөлімшелерінің жеке құрамы бағытталды. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындар мен еріктілер тартылды. Олар он екі күн бойы жоғалған әйелді іздеді. Қазір әйел үйінде, онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Оның өмірі мен денсаулығына ештеңе қауіп төндіп тұрған жоқ», - толықтырды ведомстводан.