Жаңалықтар

«Талибанның» жоғарғы көшбасшысы бірінші рет көпшілік алдына шықты

«Талибан» қозғалысының жоғарғы көшбасшысы (Жоғарғы соттың шешімі бойынша Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Хайбатулла Ахунзада бірінші рет көпшілік алдына шықты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«20 жыл бойы кәпірлер мен залымдарға қарсы күрескен Ауғанстанның езілген халқына Алла сауабын берсін. Менің мұндағы ниетім сіз үшін дұға ету, ал сіз маған дұға етіңіз», – деді Ахунзада.

Ол сондай-ақ, елді қалпына келтіру жолында «Талибанды» үлкен сынақ күтіп тұрғанын айтты.

БАҚ өкілдері Ахунзада өткізген жиын қатаң күзетілгендіктен, фото, видеоға түсіре алмаған.

Діни лидер Хайбатулла Ахунзада 2016 жылы АҚШ-тың ұшқышсыз ұшағы соққысынан бері «Талибан» қозғалысын басқарды. Ол қарулы топтың барлық саяси, діни және әскери істеріндегі ең жоғарғы лауазымда отыр. Тәліптер қатарында ол әскери қолбасшыдан гөрі рухани көшбасшы болып саналады.

Back to top button