Ешбір құжаты жоқ 1 612 адамға Қазақстан азаматтығы берілді

Ешбір құжаты жоқ 1 612 адамға Қазақстан азаматтығы берілді

Ешбір құжаты жоқ 1 612 адамға Қазақстан азаматтығы берілді
ашық дереккөзі

Ішкі істер министрлігі мәртебесі реттелмеген және құжаты жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
«Қазір министрлік мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, азаматтығы жоқ 6 мыңнан астам адамға көмек көрсетті. Жеке куәлікпен 5 мыңға жуық (4 969) адам құжатталды. Оның ішінде 3357 адам ҚР азаматы, 1612 еш азаматтығы жоқ адамға ҚР азаматтығы берілді», - деді Нұрділдә Ораз Ішкі істер министрлігі ұйымдастыратын апталық брифингіде.
Ресми өкілдің айтуынша, тағы 1357 адамға қатысты азаматтықты растау рәсімі аяталуға жақын.
«Ішкі істер министрлігі еліміздегі азаматтығы жоқ адамдардың мәселесін түпкілікті шешуге ұмтылысты ескеріп, мәртебесі реттелмеген және жеке басын куәландыратын құжаты жоқ адамдарды анықтау акциясын 2022 жылдың мамырына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады», - деді Нұрділдә Ораз.