Нұр-Сұлтанда басына металл конструкция құлаған әйел әлі ауыр халде жатыр

Нұр-Сұлтанда басына металл конструкция құлаған әйел әлі ауыр халде жатыр

Нұр-Сұлтанда басына металл конструкция құлаған әйел әлі ауыр халде жатыр
ашық дереккөзі

Нұр-Сұлтанда басына металл конструкция құлаған әйел әлі де жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауруханаға түскен сәтте әйелге жедел операция жасалып, жансақтау бөліміне түскен еді. Атап өткен жөн, әйел ауруханаға түскенде-ақ өте ауыр жағдайда болған. Қазір де ол жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр», - деп хабарлады қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтанда көпқабатты үй шатырынан металл конструкция құлаған еді. Салдарынан 56 жастағы әйел түрлі жарақат алып, жансақтау бөліміне түсті. Оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.