Жаңалықтар

Пенжімдегі жаппай төбелес: Зардап шеккен оқушы жансақтау бөлімінен шықты

Алматы облысы Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылардың жаппай төбелесінен зардап шеккен бала жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, – деп жазды ҚазАқпарат.

«2005 жылы туған науқас жансақтау бөлімінен травматология бөлімшесіне ауыстырылды. Ал 1967 жылы туған науқас хирургия бөлімшесінде ем қабылдап жатыр. Қазіргі таңда екі науқастың да жағдайы жақсарып келеді. Дәрігерлер олардың жағдайын орташа ауырлықта деп бағалап отыр. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде», – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Еске салсақ, 27 қазан күні Панфилов ауданының Пенжім ауылында оқушылар арасында жаппай төбелес болды. Бұзақылар бірнеше үй мен көліктің терезелерін сындырды.

Бұл факті бойынша ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Панфилов ауданының әкімі Пенжім ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдағы үйлердің материалдық шығындары есептеліп жатыр. Қазірдің өзінде 30-дан астам үйдің терезелері толықтай қалпына келтірілген.

Back to top button