Қылмыс жасаған адамды қызметке тағайындаған: Білім басшысы жауапқа тартылды

Қылмыс жасаған адамды қызметке тағайындаған: Білім басшысы жауапқа тартылды

Қылмыс жасаған адамды қызметке тағайындаған: Білім басшысы жауапқа тартылды
ашық дереккөзі
Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай жемқорлық үшін істі болған азаматшаны балабақша меңгерушісі қызметіне тағайындағаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп жазды ҚазАқпарат. «Әкімшілік іс жүргізу материалдарын қарау барысында анықталғандай, Ш. Сейсенбай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Білім басқармасы басшысының лауазымын атқара отырып, балабақша меңгерушісі қызметіне бұрын ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабы 3-бөлігінің «б«, «г« тармақшалары және ҚР ҚК 317-бабының 1-бөлігімен (1997 жылғы редакциясында) сотталған азаматты қабылдады. ҚР Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Ш. Сейсенбай әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Еске салайық, 31 қазан күні Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының бастығы Шәкәрім Сейсенбай қызметінен кетті. Бұл жайында ол Facebook парақшасында жазды.