Ел тұрғындарының орташа айлық жалақысы 243 мың теңгеден асты

1 қараша, 2021 / Асыл ТҰМАР
ашық дереккөзі
Ел тұрғындарының орташа айлық жалақысы 243 мың теңгеден асты ҚР Ұлттық статистика бюросы ел тұрғындарының орташа айлық жалақысы 243 мың теңгеден асқанын мәлімдеді. «2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңге болды. Атаулы жалақы индексі – 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8%», - делінген статистикалық мәліметте. Ең үлкен атаулы жалақы: Ал ең төменгі атаулы жалақы: сумен жабдықтау; Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен. Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, сондай-ақ салықтан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.