Жаңалықтар

Ел тұрғындарының орташа айлық жалақысы 243 мың теңгеден асты

ҚР Ұлттық статистика бюросы ел тұрғындарының орташа айлық жалақысы 243 мың теңгеден асқанын мәлімдеді.

«2021 жылғы ІІІ тоқсанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 243 667 теңге болды. Атаулы жалақы индексі – 2020 жылдың тиісті тоқсанына 119,3%, ал нақты жалақы индексі 109,8%», – делінген статистикалық мәліметте.

Ең үлкен атаулы жалақы:

  • тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында тіркелді – 501,0 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары);
  • қаржы және сақтандыру қызметінде – 452,8 мың теңге (1,9 есеге жоғары);
  •  кәсіби, ғылыми және техникалық қызметте – 369,5 мың теңге (1,5 есеге жоғары);
  • ақпарат және байланыс саласында – 331,1 мың теңге (1,4 есеге жоғары).

Ал ең төменгі атаулы жалақы:

сумен жабдықтау;

  • қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою қызметкерлерінде – 154,9 мың теңге;
  • ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында – 167,5 мың теңге.

Өңірлер бойынша ең жоғарғы орташа еңбекақы Атырау облысында белгіленді – 419,1 мың теңге, бұл орташа республикалық көрсеткіштен шамамен 1,7 есе жоғары. Түркістан облысында мұның шамасы 181,1 мың теңге, бұл ел бойынша орташа деңгейден 25,7% төмен.

Халықаралық стандарттарға сәйкес, бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы қосымша ақы, үстемеақы, сыйақы, сондай-ақ салықтан басқа да ұсталымдарды (табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналарын) есепке ала отырып қалыптастырылады.

Back to top button