Коронавирус: еліміздің 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Коронавирус: еліміздің 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр
ашық дереккөзі
Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары тұр. «Жасыл» аймаққа: Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары енген. Айта кетейік, Алматы облысы «сары» аймақтан «жасылға» өтті.