Жаңалықтар

Атыраудағы атыс: Жарақат алғандар туралы жаңа мәліметтер жарияланды

Атырау облысындағы атыстан жарақат алып, ауруханаға түскен үш адамның жағдайы ауыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Қызылқоға ауданының Сағыз ауылы маңындағы атыстан жарақат алып, облыстық ауруханаға түскен үш адамның жағдайы орташа ауыр және ауыр деп бағаланып отыр.

«Облыстық ауруханаға 1985 жылы туған үш ер адам түсті. Оның біреуіне ашық бас сүйек-ми жарақаты диагнозы қойылды. Науқастың миы орташа ауыр жағдайда. Сол жақ көзінде ауыр, денесінде көптеген жарақаты бар. Қазір оның жағдайы ауыр деп бағаланған. Екінші науқас жабық бас сүйек-ми жарақатын алған. Миында жеңіл дәрежедегі контузия, денесінде көптеген жарақат анықталды. Сол жақ қолтық тұсы тілінген. Науқастың жағдайы орташа ауыр. Екі науқас та нейрохирургия бөлімшесіне ем қабылдап жатыр. Үшінші науқаста кеудесінің жоғарғы бөлігінің жасушалары, қолдары мен басы, беті жараланған. Сол жақ көзі көгерген. Бұл науқастың жағдайы өте ауыр болғандықтан, хирургия бөлімінде ем-дом қабылдап жатыр», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Back to top button