Салмақ өлшеу кезінде төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта қарсыласы нокаутқа түсірді (видео)

Салмақ өлшеу кезінде төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта қарсыласы нокаутқа түсірді (видео)

Салмақ өлшеу кезінде төбелес шығарған боксшыны бірінші раундта қарсыласы нокаутқа түсірді (видео)
ашық дереккөзі
Америкалық боксшы Хосе Сепеда (35-2, 27 KO) бірінші раундта Пуэрто-Рико өкілі Хосуэ Варгасты (19-2, 9 KO) нокаутқа түсіріп, WBC титулын қорғап қалды, деп хабарлайды Turkystan.kz сайты  Vesti.kz порталына сілтеме жасап. Бұл айқас Нью-Йоркте өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Супер жеңіл салмақтағы (63,5 келі) кездесу бірінші раундта аяқталды. Бұл Варгастың карьерасындағы нокаутпен алғаш жеңілуі болды. https://www.youtube.com/watch?v=uyUTmhVFBbc&t=231s Айта кетейік, салмақ өлшеу кезінде боксшылар жаппай төбелес шығарды, vRINGe.com мәліметінше, бұл оқиға үшін Сепеда ғана жазаланды, оның бапкер ағасы шеттелді. "Түсініксіз шешім, өйткені жанжалды шығарған Варгас", - делінген хабарламада.