Жаңалықтар

«Тоңазытқыштың артына тығылған». Атырауда 10 жасар бала ойнап жүріп мерт болды

Атырауда токқа түскен 10 жасар бала көз жұмды.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, қайғылы оқиға кеше 30 қазанда болған.

«Полицияға 1953 жылғы азаматтан сағат 15:00 шамасында немересінің токқа түскені туралы хабар түскен. Кейін 10 жасар баланың ойнап жүріп, тоңазытқыштың артына тығылғаны анықталды. Сол кезде токқа түсіп қалған», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жедел жәрдем қызметіне сағат 14:45-те хабар берілген. Жедел жәрдем бригадасы сағат 14:51-де жеткен.

Жасөспірім жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін көз жұмған. Қазір аталған дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр.

Back to top button