Жаңалықтар

Қазақстанда «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді. Бұл жайлы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

ЭКО жасатуға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында  15 қазанда  алғашқы нәрестенің кіндігі кесілді. Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметінше, елімізде ЭКО арқасында дүниеге келген балалардың саны 25 мыңға жетті.

Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана репродуктивті медицина институтына жүгінген кезде 9 жылдан бері бала көтере алмай жүргенін айтқан. Ол «Жас-Ай» медицина орталығында аға медбике болып жұмыс істейді. Ал күйеуі Қуандықтың мамандығы – электрик. Олар материалдық жағдайға байланысты ЭКО жасата алмай келген», – дейді ол.

Ерлі-зайыптыларға жүктілікті «Аңсаған сәби» бағдарламасының квотасы бойынша ЭКО әдісімен жоспарлау ұсынылды. Осылайша, әйел адам дәрігер Аяулым Косетованың қарауында болған. Алғашқы ЭКО-дан кейін-ақ Дана жүкті болып, қазан айының ортасында босанды. №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 сантиметр Арман есімді дені сау ұл жарық дүние есігін ашты.

Back to top button