Атырау облысында атыс болып, алты адам жарақаттанды

Атырау облысында атыс болып, алты адам жарақаттанды

Атырау облысында атыс болып, алты адам жарақаттанды
ашық дереккөзі
Атырау облысының Сағыз ауылында атыс болып, алты адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полиция департаменті хабарлады. «30 қазан, сағат 19.30 кезінде Атырау-Ақтөбе тас жолының 331-шақырымында, Сағыз аулының аумағында атыс болды. Жарақат алғандар Сағыз дәрігерлік амбулаториясына жеткізілді, делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта. ATPress.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, ауыл жастары өзара жанжалдасып, қару қолданған.