Жаңалықтар

«Саусағын тістеп алған». Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызына қатысты елшілік мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

«Саусағын тістеп алған». Түркияда түнгі клуб күзетшісінен таяқ жеген қазақ қызына қатысты елшілік мәлімдеме жасады

Биыл 11 шілдеде Түркияның Ыстанбұл қаласындағы түнгі клубтардың бірінде Қазақстан азаматтарына қатысты келеңсіз жағдайға байланысты еліміздің Түркиядағы елшілігі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Turkystan.kz. «Түнгі клубтың күзетшiлерi мен қазақстандық азаматшалар арасында туындаған түсініспеушілік қол көтеруге дейін жеткен. Күзетшiлердiң соққыларынан қорғанған ҚР азаматшасы Ұлбосын Малғаждарова күзетшілердің бірінің саусағын тістеп алған. Нәтижесінде дене жарақатын келтiргенi үшiн полиция Ұ.Малғаждарованы қамауға алды. Орын алған оқиға бойынша не аталған азаматшалар, не олардың жақындары Қазақстанның Түркиядагы елшілігіне жүгінген жоқ. ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығы болған жағдайды өз күштерімен анықтап, тиісті консулдык қолғабыс көрсету шараларын қолға алды. Мәселені шешу мақсатында дереу Түркияның тиісті органдарымен байланыс орнатылды. Түркияның Сыртқы iстер министрлiгi өкiлдерiмен арнайы кездесу өткiзiлiп, мәселенің тез әрі әділетті шешiлуi сұралды. Бас консулдық қызметкерлері Ұ.Малғаждарованың жағдайын көру мақсатында уакытша ұстау изоляторына барып, өзімен кездесу өткізді”, – делінген ҚР Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының мәлімдемесінде.