1 қарашадан бастап WhatsApp-қа қандай телефондардан кіру мүмкін болмайтыны белгілі болды

30 қазан, 2021 / Гафура Асқарқызы
ашық дереккөзі
1 қарашадан бастап WhatsApp-қа қандай телефондардан кіру мүмкін болмайтыны белгілі болды 1 қарашадан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады. 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы қолданылатын iPhone-да жұмысын тоқтатады. Яғни, бұл дегеніміз миллиондаған адам жақындарының хабарламаларына, олардың сурет-бейнероликтеріне қол жеткізе алмайды деген сөз. Осы орайда WhatsApp ескі смартфон иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді сақтау үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл WhatsApp жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болмақ. Сонымен WhatsApp-сыз қалатын смартфондар тізбегіне тоқталсақ: Барлығын қосқанда 43 -ке жуық құрылғы WhatsApp-сыз қалады екен.