Жаңалықтар

570 миллион теңгеге жөнделген көпірді қалпына келтіру үшін шенеуніктер тағы да миллиондап қаржы жұмсамақ

ашық дереккөзі

570 миллион теңгеге жөнделген көпірді қалпына келтіру үшін шенеуніктер тағы да миллиондап қаржы жұмсамақ

Петропавлда 2014 жылы 570 млн теңгеге күрделі жөнделген көпір жарамсыз күйге түсті. Енді ол бюджет қаражаты есебінен қайта қалпына келтірілмек. Бұл туралы Turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Осыдан екі жыл бұрын қаланы Жұмысшы кентімен жалғайтын көпірдің деформациялық тігісінде пайда болған жарық одан әрі үлкейіп кеткен. Жоспар бойынша нысан былтыр жөнделуі тиіс еді. «Жазғы уақытта бірнеше рет көпірді жөндеу үшін әкімдік конкурс жариялады. Бірақ бұл жұмысты атқаратын ешкім табылмады. Сондықтан да биыл қыркүйек айында «Магистраль СК» серіктестігімен келісімшартқа қол қойылды. Бұл көпір 1961 жылы салынған. 2014 жылы толық жөндеу жүргізілді. Енді міне 7 жылдан кейін орташа жөндеу жұмыстары жасалмақ», - дейді Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсем Айтолла.