Бокстан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді

Бокстан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді

Бокстан әлем чемпионатында Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді
ашық дереккөзі
Сербия астанасы Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов (71 келі) өзбек спортшысы Шахрам Гиясовты жеңді. Бірінші раунд қазақстандық боксшының басымдығымен аяқталды. Екінші раундта төрт төреші Асланбекке сенім білдірсе, біреуі өзбек боксшысына қолдау көрсетті. Енді Асланбек 1/8 финалда германиялық Магомед Шачидовпен қолғап түйістіреді. Шахрам Гиясов - тәжірибелі боксшының бірі. 2016 жылы Рио олимпиадасында «күміс» алса, 2017 жылы Әлем және Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Асланбек бұдан бұрын 1/32 финалда ирандық Фархад Моради Аташгахты тізе бүктірген еді. Еске салсақ, бүгін Махмуд Сабыржан (54 келі), Саматәли Төлтаев (60 келі), Айбек Оралбай (92 келі) қарсыластарынан басым түсіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды. Әлем чемпионатына ел құрамасында 13 боксшы барды. Олардың арасынан Бек Нұрмағамбет (86 келі) пен Нұрлан Сапарбай (92 келі) қарсыластарына жол берді.