Жаңалықтар

Семейде көлік қаққан 9 жасар бала қаза тапты

Семейде көлік қаққан 9 жасар бала мерт болды. ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы кеше Озерки ауылы мен Шығыс кентінің аралығындағы тасжолда болған.

«Volkswagen» маркалы автокөлікті тізгіндеген 21 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан баланы қағып кетті. «9 жасар бала сол жерде көз жұмды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне (Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», – деп хабарлады ведомство өкілдері. Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

Back to top button