Аймақ

«Ақысын әлі төлемедік»: Ақтау әкімі жасанды қызғалдақтар туралы сұраққа жауап берді

Ақтау әкімі журналистердің жасанды қызғалдақтарға қатысты сұрақтарына жауап берді.

Әкімнің сөзінше, келісім кезінде оған мүлде басқа эскиз көрсеткен. Бастапқыда гүлдердің орнына LED-экрандар орнату жоспарланыпты. Бірақ техникалық жағынан бұл оңай болмайтыны талқыланып, қала басшысына гүл алаңының эскизі таныстырылыпты.

Бұл туралы lada.kz жазды.

Бастапқыда маған басқа эскиз көрсетті, ол эскиз мұндай емес, әдемі болған, бірақ соңында не болғанын көріп отырмыз. Бүкіл республикаға атақты боп шыға келді. Сондықтан олар уәделерін орындамаса, барсын. Олардың алдында ештеңеге міндетті емеспіз. Шығындары – өздерінің мәселелері. Біз бұл жұмысты қабылдамадық, ақысын төлемедік, – деді Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай.

Back to top button