Жаңалықтар

Өз-өзіне қол жұмсаған оқушының әкесі мәлімдеме жасады

Алматыда өз-өзіне қол жұмсаған Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысының әкесі мәлімдеме жасады.

Бұл туралы informburo.kz хабарлады.

Виктор Ким Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, онда оның отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен достарының сезіміне, бала туралы естелігіне, ата-анасының қайғы-қасіретіне түсіністікпен қарауды сұрады.

«Ұлымның атын қолданбауларыңызды және әлеуметтік желілерде, соның ішінде белдемше киюді насихаттайтын оқиғаларды, әрекеттерді және жарияланымдарды тоқтатуды сұраймын», – делінген хабарламада.

Баланың отбасы оған қысым көрсету және психологиялық проблемалары туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын баса айтты.

Оқушының ата-анасының мектеп әкімшілігіне, сонымен қатар куратор мен психологқа шағымы жоқ екенін жеткізген. НЗМ баланың және оның жақындарының мүддесі үшін олар қосымша ақпаратты жария етпейтінін және болған оқиға туралы егжей-тегжейлі түсініктеме бермейтінін еске салды.

Back to top button