Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды
Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимараты ашылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен Халықаралық Түркі академиясының жаңа ғимаратының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты жиынға Халықаралық түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшілері, ҚР ҰҒА академигі Оразақ Смағұлов, мемлекет және қоғам қайраткерлері Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Қуаныш Сұлтанов, белгілі ғалым Айнагүл Смағұлова, халықаралық ұйым басшылары, сонымен қатар депутаттар, дипломаттар, жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтарының басшылары, танымал түркологтар қатысты.