Шымкентте педагогтер аутист баланы мазақ етіп, күш көрсеткен

Шымкентте педагогтер аутист баланы мазақ етіп, күш көрсеткен

Шымкентте педагогтер аутист баланы мазақ етіп, күш көрсеткен
ашық дереккөзі

Шымкент қаласының тұрғыны Сәуле Сатпаева аутизмі бар 14 жасар ұлын балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының педагогтері мазақ етіп, күш көрсеткенін айтып шағымданды, деп хабарлайды "31 арна".

Телеарнаның мәліметінше, анасы баласының қолы тілінгенін көріп, бақылау камераларын көрсетуді талап еткен. Сол кезде оқиғаның мән-жайы белгілі болған. Баланы тәрбиешілердің ұрып, итергені, басқа балаларға тәтті таратқанда Диасқа бермегені - барлығы жазылып қалған. Ал орталық қызметкерлері баланың агрессивті екенін, психологті тістеп алғанын айтыпты. Бірақ дәлел келтіре алмаған. Ал Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жетекшісі Камила Аусанова еңбек демалысында болғанын айтып, мәселені шешетініне сендірген.
"Бұл - сұмдық жағдай. Әрине, шара қабылданатын болады. Бұл немқұрайдылық қана емес, сонымен бірге бала құқығын бұзу. Органдарға барлық тиісті өтініштер жасалады", - дейді Аусанова.