Жаңалықтар

«Вакцина салғызбағандардың балаларын тартып алады» – БҒМ ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желіде балаларды ата-анасынан тартып алуға арналған заң қабылданды деген ақпарат тарады. Жазба авторы оны вакциналау шараларымен байланыстырып, одан бас тартқан ата-аналарға қолданылады деп мәлімдейді.

Білім және ғылым министрлігі ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады Stopfake.kz.

«Ақпарат шындыққа жанаспайды. Мұндай заң жобасы жоқ. Мектептерде балаларды мәжбүрлеп вакцинациялау жүргізілмейді. Мектеп балаларға білім береді, әлеуметтенуге көмектеседі. Ата-аналардың келісімінсіз вакцинациялау туралы мәселе көтеріліп отырған жоқ. Қазақстандықтардан әлеуметтік желілерде резонанс тудыру үшін жеке азаматтар тарататын жалған ақпаратқа сенбеулерін сұраймыз», – деді министрліктің баспасөз хатшысы Мөлдір Әбдуалиева.

Back to top button