Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары наразылық акциясын өткізді

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары наразылық акциясын өткізді

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары наразылық акциясын өткізді
ашық дереккөзі

Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (НЗМ) оқушының суицидінен кейін наразылық акциясы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ақпаратта ұлдар белдемше киіп, мектеп алдында суретке түскені айтылған. Осылайша мектеп оқушылары куратор мен психологтің әрекетіне наразылық білдіріпті. [caption id="attachment_157959" align="alignnone" width="1200"] width= orda.kz[/caption] Естеріңізге сала кетейік, 28 қазанда "Гарри Поттер" тақырыбындағы мектеп балына сегізінші сынып оқушысы белдемше киіп барған, бұған куратор ашуланып, оқушыны мектеп психологіне күштеп апарыпты. Психологпен сөйлескеннен кейін, бала 11-ші қабаттан секіріп кеткен. Полиция ҚР ҚК 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша тергеуді бастады. Мектеп баланың қайтыс болғанын растап, жазатайым жағдай деп мәлімдеген.