Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жеделхат жолдады
ашық дереккөзі

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға Түркияның  ұлттық мейрамы – Республика күнімен шын жүректен құттықтап жеделхат жолдады деп хабарлайды Ақорда.

"Қазақстан мен Түркия арасында қалыптасқан дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы салалардағы стратегиялық әріптестігіміз болашақта өзінің жалғасын тауып, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне кәміл сенемін", деп жазылған Президент жолдаған жеделхатта. "Сындарлы да мазмұнды екіжақты диалогымызды жалғастыру және серіктeстігімізге тың серпін беру жолдарын талқылау үшін жуық арада Өзіңізбен Түркітілдес мемлекеттері ынтымақтастығы кеңесінің  8-ші саммитінде жүздесуді асыға күтемін", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.