Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеу соты қылмыскерді ақтаған үкімнің күшін жойды

Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеу соты қылмыскерді ақтаған үкімнің күшін жойды

Томирис Байсафаның өлімі: Мәскеу соты қылмыскерді ақтаған үкімнің күшін жойды
ашық дереккөзі
Сот Мәскеуде қаза болған қазақстандық студент Томирис Байсафаның ісі бойынша Муртузали Меджидовке қатысты ақтау үкімінің күшін жойды. Бұл туралы қыздың анасы Жанна Ахметова Іnstagram парақшасында жазды. Бұл ақпаратты Меджидовтың адвокаты Шамиль Яндарбаев та растады. Сот үкімінің күші жойылды. Іс Мәскеудің Никулин сотына қайта қарауға жіберілді. Бұған дейін Мәскеудің Никулин сотының алқабилер соты ер адамды ақтап шыққан. Себебі өлімге қатысы бар деген дәлелдерді таппады. Соның негізінде Меджидовты ақтау жөнінде шешім қабылданған болатын. Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында қазақстандық студент қыз Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының терезесінен құлап кеткен еді. Ол 3 мамырда ауруханада қайтыс болды.