Жаңалықтар

Полиция құтқарып қалды: Алматыда 44 жастағы ер адам өзіне қол жұмсамақ болды

Алматыда полиция қызметкері өзіне қол жұмсамақ болған ер адамды құтқарып қалды.

«102» пультіне қоңырау шалғандар белгісіз ер адам Назарбаев пен Абай даңғылының қиылысында орналасқан мұнарадан секірмекші болып тұрғанын хабарлады. Оқиға орнына ПД түсірілім тобы алғашқылардың бірі болып жетті.

Осы кезде «Француз үйінің» күзетшісі жоғарыға көтеріліп, ер адаммен келіссөз жүргізіп жатты. Ал «Боран-160» экипажының патруль қызметкерлері төменде тұрып, ер адам құласа қағып алу үшін тент жайды.

«Ыңғайлы сәт келгенде жоғары шықтым. Артынан жасырынып барып, күзетшімен бірге ер адамды ұстап алдық, оның өз-өзіне қол жұмсамақ әрекетіне тосқауыл қойдық. Оны баспалдақпен төмен түсірдік. Белгісіз адам қатты мас болды және өз әрекетінің себебін нақты түсіндіре алмады. Патрульдік экипаж оны тергеу үшін Бостандық аудандық полиция басқармасына әкелді», – деп, Алматы қалалық Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының баспасөз қызметі қызметкері Талғат Сейілбаев.

Оның кім екенін полиция анықтады. М. есімді ер адам 1977 жылы туған, нақты тұрғылықты жері жоқ.

Back to top button