Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті

Шығыс Қазақстан облысы «қызыл» аймаққа өтті
ашық дереккөзі
29 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақтағы өңір саны бес облысқа жетті. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналы жазды. «Қызыл» аймақта: Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары. «Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Қызылорда облыстары. «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.