Жаңалықтар

Вокзалға Ashyq арқылы кіруден бас тартқан Ақтау тұрғыны сотталды

Ақтөбе вокзалына Аshyq-тағы мәртебесін көрсетпей кірмек болған 30 жастағы Ақтау тұрғыны вокзалдың терезесін сындырып, шу шығарғаны үшін сотталды.

Күзетшілер мен кезекшілердің талабын орындамаған жолаушы жанжал шығарып, тротуарда жатқан тасты вокзалдың терезесіне лақтырған.

Қоғамдық ортадағы агрессивті мінез-құлқы мен ҚТЖ құнын 39 мың теңгеге бағалаған вокзал терезесін сындырған жолаушыны полицейлер сол арада ұстаған. Кейін іс материалдары сотқа жіберілген.

Сот процессінде шу шығарушы өз кінәсін толықтай мойындап, кешірім сұрай отырып, бас бостандығынан айырмауын, жазасын жеңілдетуін өтінген. Сот айыпталушының шын өкінгенін ескере отырып, бір жылға бас бостандығын шектеді.

Сәйкесінше, осы уақыт көлемінде айыпталушы кешкі уақытта сыртқа шығу, ойын-сауық мекемелеріне бару құқығынан уақытша айырылды.

 

Back to top button