Жаңалықтар

«Мектеп психологімен сөйлескеннен кейін…»: Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы қалай қайтыс болғаны белгілі болды

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қалай қайтыс болғаны белгілі болды.

Алматы полиция департаменті «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Оқушы мектеп психологімен сөйлескен соң өзіне қол жұмсаған. Оқиға Қалқаман ықшамауданында болған. 

«8-сынып оқушысы мектеп психологымен сөйлескеннен кейін 11-қабаттан секіріп кетті. Барлығы өзін-өзі өлтіруге психолог апарды деп айыптайды. Кеше мектепте Гарри Поттердің стилінде бал өткен. Оқушы әзіл, көңіл көтеру мақсатында юбка киіп алған. Куратор оған айғайлап, оны күшпен психологке апарған. Психологпен сөйлескеннен кейін оқушы терезеден секіріп кеткен», – деп жазылған жергілікті БАҚ таратқан ақпаратта.

Суицид жасаған оқушы Назарбаев зияткерлік мектебінде оқыған. Дербес білім беру ұйымы оқиғаны растағанмен, толыққанды мәліметті бере алмайтындарын хабарлады.

«Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектеп әкімшілігі 2021 жылы 27 қазанда оқушы оқудан тыс кезінде жазатайым жағдайға ұшырағанын растайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Кәмелетке толмаған баланың және басталған тергеудің мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты бере алмайды», -делінген «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы таратқан ақпаратта.

«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабымен Бостандық аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай реестріне тіркелгенін хабарлайды. Оқиғаның себептері мен мән-жайы өндіріс барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.

Back to top button