Жаңалықтар

«Арманы орындалмады»: Қызын көріп қалғысы келген науқас әйел қайтыс болды

Жамбыл облысы Қордай ауданында тұратын 5 жастағы қызын бір көруді армандаған Алина Батурова қайтыс болды.

Бұл туралы aikyn.kz жазды.

24.kg сайтының жазуынша, әйелдің өмірден өткені туралы  «Вместе ради жизни» онкологиялық орталығының директоры Шайыр Сағынбаева хабарлаған.

Онкологиялық аурудың ауыр түріне шалдыққан келіншек Қазақстандағы 5 жасар қызын көруді армандаған. Алайда жолдасы бүлдіршінді анасымен кездестіруге қарсылық танытқан болатын.

Back to top button