Жаңалықтар

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы көз жұмды

Алматыда Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8-сынып оқушысы қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматы полиция департаменті «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Бұл дерек Бостандық ауданының полиция басқармасында ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайы іс жүргізу барысында анықталады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», – делінген Алматы полициясының хабарламасында.

Басқа оқушылардың ата-аналары бұған мектеп балынан кейінгі оқиға себеп болғанын айтты. Мектеп түсінік беруден бас тартты.

«Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің әкімшілігі 2021 жылы 28 қазанда сабақтан тыс уақытта оқушыға қатысты жазатайым оқиға болғанын растады. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кәмелетке толмаған баланың мүддесі үшін мектеп қосымша ақпаратты жария ете, түсініктеме бере алмайды», – делінген Алматы қаласының ХББ НЗМ хабарламасында.

Back to top button