Алматыда оқушы 11-қабаттан секіріп кетті

Алматыда оқушы 11-қабаттан секіріп кетті

Алматыда оқушы 11-қабаттан секіріп кетті
ашық дереккөзі

Алматыда оқушы көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кетті.

Сегізінші сынып оқушысы 11-ші қабаттың терезесінен секіргені туралы ақпарат мессенджерлерде тарады. Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Аталған фактіні Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК 105-бабы "өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Болған оқиғаның себептері мен мән-жайлары іс жүргізу барысында анықталатын болады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.