Жаңалықтар

БҚО-да полицейге қойшыны соққыға жығып, 50 бас мал ұрлады деген айып тағылды

Биыл көктемде Жымпиты кентінің тұрғындарының малы жоғалған. Сонымен қатар мал бағып жүрген бақташы да іс-түссіз кеткен.

«Астана» телеарнасының хабарлауынша, бірнеше күннен кейін қойшы табылып, бірден полицияға арыз жазуға барған. Ер адам тәртіп сақшыларына ұрлыққа жергілікті учаскелік инспектор, полиция капитаны қатысқанын айтты. Сонымен қатар қойшының сөзінше, полицейлер оны соққаға жыққан.

Шығын 15 млн теңгеге бағаланды.  Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Back to top button