Семейде шекара маңынан жасырын сақталған қару табылды

28 қазан, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Семейде шекара маңынан жасырын сақталған қару табылды

Семейде жасырын сақталған қару табылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы ҚАЖ баспасөз қызметі.

"Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/15 мекемесінің жедел бөлімінің қызметкерлері жасырын сақталған қару туралы ақпарат алып, Семей полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп Бородулиха тас жолы ауданында жедел жұмыс жүргізді. Семей-Ресей шекарасы тас жолының екінші шақырымында жеті патроны бар қару табылды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, гранатаға ұқсас металл зат табылды. Тәркіленген қару Семейдің 37 жастағы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚК-нің 287-бабы, 3-бөлігі "қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.