Алматы облысында жаппай төбелес болып, жасөспірім зардап шекті

Алматы облысында жаппай төбелес болып, жасөспірім зардап шекті

Алматы облысында жаппай төбелес болып, жасөспірім зардап шекті
ашық дереккөзі

Алматы облысы Пенжім ауылындағы мектеп ауласында жаппай төбелес болып, 16 жастағы бала ауруханаға түскен.

Оқиға орнынан видео Instagram-дағы aqparat.kz парақшасында таралды. Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, төбелеске 9-сынып пен 10-сыныптарда оқитын екі оқушының арасындағы жанжал себеп болған.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі ("Екі немесе одан да көп адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша қылмыстық іс тіркелді. Жанжалдың барлық қатысушысы анықталды. Қазіргі уақытта зардап шегушінің жағдайы тұрақты, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады полициядан. Ауыл азаматтарымен аудан әкімі, ақсақалдар және Алматы облысы ПД бастығы тарапынан кездесулер мен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда", - деп сендірді ведомство.