28 қазанда қандай елеулі оқиғалар болды?

28 қазанда қандай елеулі оқиғалар болды?

28 қазанда қандай елеулі оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1992 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ішкі әскері құрылды. 1998 жылы скрипкашы Айман Мұсақожаеваға ЮНЕСКО-ның шешімімен «Әлем әртісі» жоғары атағы берілді. 2005 жылы ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қыз Жібек» эпосына - 500 жыл» атты көрме ашылды. 2005 жылы Жазушылар үйінің мәжіліс залында Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарымыздың бастамасымен жарыққа шыққан «Үн» атты әдеби журналдың таныстырылымы болды. Мұқабасында Көк бөрі мен Ай бейнеленген журналдың алғашқы санында әдебиетке қатысты сыни пікірлер, жас ақындар өлеңі мен жазушылардың әңгімелері, әлем әдебиетіндегі озық туындылардың қазақшаға тәржімаланған нұсқалары жарық көрген. 2011 жылы ҚР Ұлттық банкі номиналы 500 теңге «Көшпенділер алтыны» сериясынан «Бұланның басы» күміс монетасын айналымға шығарды. Күміс монета - «Көшпенділер алтыны» сериясының сегізінші монетасы. Оның дизайнына Қазақстан аумағындағы қазба жұмыстары барысында табылған алтын бұйымдардың бейнесі пайдаланылды. 925 сынамалы, салмағы 31,1 грамм, диаметрі - 38,61 мм, дайындау сапасы «proof», таралымы - 5 мың дана. 2012 жылы танымал қазақ жазушысы, ғалым, түрколог-ғалым, академик Немат Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» повесть-монологы араб тіліне аударылып, Дубай Әмірлігінің мәдениет және ғылым қауымдастығының ғимаратында дубайлық аудиторияға ұсынылды. «Үміт үзгім келмейді» деп аталатын хикаят-монологта ауыр науқасқа шалдығып, көп жылдар бойы төсек тартып жатқан мүгедек жанның өмірге деген шексіз құштарлығы, қайсарлығы, адамгершілігі, мөлдір махаббаты сөз болады. 2013 жылы Шымкентте «Қазмедприбор» кәсіпорнында алғашқы жергілікті рентген аппараты шығарылды. Аталмыш жоба «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылып, ҚРҮдемелі индустриалдық-инновациялық даму бойынша мемлекеттік бағдарламасының Өңірлік картасына енгізілді. 2013 жылы қазақстандық альпинист Андрей ГундаревАустралия мен Океанияның ең биік шыңы Карстенз пирамидасын (4884 м) бағындырды. Шың Папуа-Жаңа гвинея аралының индонезиялық бөлігінде орналасқан. Оны «Пунчак-Джая шыңы» деп те атайды. Индонезия тілінен аударғанда «Жеңіс шыңы» деген мағынаны білдіреді. Карстенз пирамидасына шығу «7 шыі» бағдарламасындағы ең күрделі белестердің бірі болып саналады. 2015 жылы Алматыда көрнекті қоғам қайраткері Герольд Бельгерге ескерткіш ашылды.Кеңсайда қойылған ескерткішті Амангелді Байғаторов басқарған шығармашылық топ жасады. 2015 жылы Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қатысуымен Сүйінбай Аронұлының 200 жылдық мерейтойына орайластырылып түрік тіліндегі ақын шығармалары топтастырылған кітаптар жарық көрді. Оған түрік және басқа да аты әйгілі қазіргі заманғы шетелдік поэзияның өкілдерінің пікірлері енген. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі номиналдық құны 100 теңге болатын нейзильбер қоспасынан жасалған «Көрнекті оқиғалар мен адамдар» сериясынан «Хамит Ерғалиға 100 жыл» ескерткіш монеталарын шығарды.