Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек

27 қазан, 2021 / Гүлдана Нұрлыханова
ашық дереккөзі
Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек

Білім және ғылым министрлігі "Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын" QazVac вакцинасын және "Розеофунгин-АС" зеңге қарсы жақпамай әзірлегендерге беру туралы" Қазақстан президентінің жарлығы жобасын дайындады, деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйақы екі ұжымға - "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлеріне беріледі. "Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар" бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға қарастырылған қаражат шеңберінде ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақы сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады", - деп түсіндірді министрлікте. "Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы" қызметкерлері биопрепараттың жеті түрін әзірлейді. Оның ішінде алғашқы түпнұсқалық және толық отындық препарат "Розеофунгин-АС" та бар. Бұл жақпамай зең және вирусқа қарсы күресуге арналған. Препарат отандық продуцент негізінде әзірленген. Сыйақы мына азаматтарға беріледі: "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" қызметкерлері халықты вакциналау кезінде белсенді қолданылып жатқан коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірледі. Осы орайда сыйақы мына қызметкерлерге беріледі деп жоспарлануда: