Жаңалықтар

Qazvac вакцинасын әзірлеген ғалымдарға мемлекеттік сыйлық берілмек

Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2021 жылғы мемлекеттік сыйлығын» QazVac вакцинасын және «Розеофунгин-АС» зеңге қарсы жақпамай әзірлегендерге беру туралы» Қазақстан президентінің жарлығы жобасын дайындады, деп хабарлайды Ұлт ақпарат.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы сыйақы екі ұжымға – «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» және Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» қызметкерлеріне беріледі.

«Мемлекеттік сыйлықтар мен стипендиялар» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2021 жылға қарастырылған қаражат шеңберінде ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының ақшалай сыйақы сомасы 37 200 000 теңгені құрайды. Екі ұжым 18 600 000 теңгеден сыйақы алады», – деп түсіндірді министрлікте.

«Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» қызметкерлері биопрепараттың жеті түрін әзірлейді. Оның ішінде алғашқы түпнұсқалық және толық отындық препарат «Розеофунгин-АС» та бар. Бұл жақпамай зең және вирусқа қарсы күресуге арналған. Препарат отандық продуцент негізінде әзірленген.

Сыйақы мына азаматтарға беріледі:

  • «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Аманкелді Садановқа;
  • «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Ася Балғымбаеваға;
  • «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің вирусология бөлімінің жетекшісі, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Владимир Березинге;
  • «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі Ілияс Құлмағамбетовке;
  • «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Людмила Треножниковаға;
  • «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының биология және биотехнология факультетінің доценті міндетін атқарушы, биология ғылымдарының кандидаты Гүлнәр Ұлтанбековаға берілді.

«Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» қызметкерлері халықты вакциналау кезінде белсенді қолданылып жатқан коронавирусқа қарсы QazVac отандық вакцинасын әзірледі.

Осы орайда сыйақы мына қызметкерлерге беріледі деп жоспарлануда:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты»шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры, Ресей Федерациясының биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының толық мүшесі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі Күнсұлу Закарьяға;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директорының ғылым және коммерцияландыру жөніндегі орынбасары, Қырғыз Республикасының ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Әбдірайымовқа;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директорының өндірістік қызмет жөніндегі орынбасары, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Мархабат Қасеновке;
  • ҚР БҒМ Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Лесбек Құтымбетовке;
  • ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мұхит Орынбаевқа;
  • ҒЗИ зертханасының меңгерушісі, биология ғылымдарының кандидаты, профессор Күләйсан Сұлтанқұловаға;
  • ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор Берік Хайруллинге.
Back to top button