Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты

Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты

Биыл некелескендер саны 44 пайызға артты
ашық дереккөзі

Некелердің үштен бір бөлігі Алматы қаласы мен Түркістан, Алматы облыстарына тиесілі. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында республикада 65 мың неке тіркелді, бұл 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 44,2% көп. Ал өткен жылы неке саны 24,4% аз болған еді, деп хабарлайды Ranking.kz  

Осы жылдың қаңтар-маусым айларында 9,4 мың жұп ажырасты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,9% аз. Алайда 2021 жылдың мәліметтерінде сот шешімі ескерілмеді. Ал бір жыл бұрын ажырасу 2,3 есе азайған еді. 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында қалалық жерлерде 44,8 мың немесе 69% жұп ажырасты. Ал ауылдық жерлерде – 20,1 мың. Сондай-ақ, қалалық жерлерде тіркелген неке саны – 48,2%, ал ауылдық жерлерде 36,1% өсті. Некелердің үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:
  • Алматы – 8,3 мың;
  • Түркістан облысы – 7,2 мың;
  • Алматы облысы – 6,7 мың. 
Сондай-ақ, ажырасудың үштен бір бөлігі келесі өңірлерге тиесілі:
  • Алматы – 1,3 мың;
  • Алматы облысы – 954;
  • Қарағанды облысы – 931.
Мұнымен қатар, қалалық жерлерде ажырасқандар саны да көп – 7,3 мың немесе жұптардың 77,4%-ы. 2020 жылдың қаңтар-маусым айларымен салыстырғанда 21,6% аз. Ауылдық жерлерде ажырасу керісінше азайды – 2,1 мың немесе 37,5%.