Қазақстан мен Израиль дәрігерлері тәжірибе алмасты
Қазақстан мен Израиль дәрігерлері тәжірибе алмасты
Атырауда Израильдан келген дәрігерлер бір күнде сегіз ота жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, бүгін, 26 қазанда Израиль дәрігерлері облыстық перинаталдық орталықта сегіз ота жасаған. «Израильден келген 3 дәрігер кесарь тілігімен 7 акушерлік және бір гинекологиялық отаны сәтті өткізді. Сондай-ақ, олар модульдік аурухананың инфекциялық стационарындағы пациенттерге кеңес беріп, күрделі отаға қатысты. Шетелдік дәрігерлер жүкті әйелдерді босандыруға қатысты шұғыл шараларға қатысуға ниет етіп отыр», – делінген ресми мәліметте.