Қытайда тағы коронавирус өршіді

Қытайда тағы коронавирус өршіді

Қытайда тағы коронавирус өршіді
ашық дереккөзі

Қытайдың Гуаньсу провинциясының орталығы – Ланьчжоу қаласында коронавирус инфекциясы өршіп кеткеннен кейін қатаң карантин жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ланьчжоу қаласында шамамен 3,5 миллион адам тұрады. Қатаң карантинге сәйкес, қатты қажеттілік болмаса, үйден шығуға болмайды. Жергілікті билік адамдардың далаға не үшін шыққанын бақылайды. Азық-түлікті жеткізу қызметі де тапсырысты есіктің алдында қойып кетуге міндетті. Қоғамдық көлік пен такси тоқтатылады. Ал теміржол вокзалында 70-ке жуық рейсті шығармауға шешім қабылданды. Соның ішінде Бейжің мен Сианьге баратын пойыздар да бар. China Southern Airlines әуе компаниясының өкілі Бейжің мен Ланьчжоу арасындағы рейстердің тоқтатылғанын растады. Әзірше ұшақтардың қай кезде адам тасымалдауды бастайтыны белгісіз. Дүйсенбі, 25 қазанда Гуаньсу провинциясында коронавирус жұқтырған 51 адам анықталды. Ланьчжоудың өзінде 6 науқас тіркелді. Жалпы, 17 қазаннан бері Қытайдың 11 провинциясында коронавирус жұқтырған жүздеген адам анықталды. Ауру "дельта" штамның салдарынан өршіп кетті деген болжам бар. Қытай үкіметі инфекция жұқтырған адамдарды бірден оқшаулауға тырысып жатыр. Ал тәртіпке бағынбайтын адамдар қызметтен босатылып, түзеу жұмыстарына жіберіледі.