Үндістанда смартфон алу үшін әйелін сатып жіберген жасөспірім қамауға алынды

Үндістанда смартфон алу үшін әйелін сатып жіберген жасөспірім қамауға алынды

Үндістанда смартфон алу үшін әйелін сатып жіберген жасөспірім қамауға алынды
ашық дереккөзі

Үндістанның Одиша штатында үйлену тойынан бір ай өткен соң 26 жастағы әйелін сатқан 17 жастағы жасөспірім қамауға алынды.

hindustantimes.com хабарлағандай жасөспірім жұбайын 180 мың рупийге сатқан. Одан кейін сол ақшаға смартфон сатып алып, қымбат мейрамханада кешкі ас ішкен. Ал туыстарына әйелі оны тастап кеткенін айтқан, бірақ олар оған сенбей полицияға жүгінген.