Бейжің-2022: Қытайда Олимпиада ойындары медалінің дизайны ұсынылды

Бейжің-2022: Қытайда Олимпиада ойындары медалінің дизайны ұсынылды

Бейжің-2022: Қытайда Олимпиада ойындары медалінің дизайны ұсынылды
ашық дереккөзі
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының (Бейжің-2022) жүлдегерлеріне тағылатын медаль дизайны ұсынылды. Бұл туралы «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитетінің сайтында хабарланды, – деп жазды ҚазАқпарат. Медальдің басты бетінде олимпиаданың бес сақинасы бейнеленіп, спорт шарасының ағылшын тіліндегі толық атауы – XXIV Olympic Winter Games Beijing 2022 деп жазылған, сондай-ақ бұлт және қар ұшқындарыме өрнектелген. Медаль бетінен аспан, жер және адам арасындағы үйлесімдікті бейнелейтін қытайлық дәстүрлі философияны білдірген бес шоғырлас сақинаны көруге болады. Реверсінде Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданың эмблемасы мен ойындардың қытай тіліндегі атауы бар. Эмблеманың жан жағындағы сақиналарда есеп бойынша 24-ші қысқы Олимпиада ойындарының құрметіне 24 нүкте ойылған. «Бейжің-2022» ұйымдастыру комитеті сондай-ақ Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне берілетін наградалар дизайнын да ұсынған. Еске сала кетсек, XXIV қысқы Олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпан күндері Бейжің қаласында өтеді.